![](/static/img/brand/exterior.png)
![ДИЗАЙН](/userdata/section/section_74/image_303/1690345020_870453413_b.jpg)
Жаңа Tiggo 2 көлігінің сырт пішіні су жаңа «Life In Motion 3.0» дизайнын пайдалана отырып әзірленген. Жаңа алты қырлы хромдалған радиатор торы бөлінген жіңішке құрамдас фаралармен керемет үйлеседі.
![ДӨҢГЕЛЕК ДИСКІЛЕРІ](/userdata/section/section_74/image_311/1690352425_338835070_b.jpg)
Жаңартылған Tiggo 2 аса қарқынды әрі авангардты бола түсті. Оған қоса, кроссовер 16 дюймдік дөңгелек дискілерімен жабдықталған.
![ЖАРЫҚДИОДТЫ КҮНДІЗГІ ЖҮРІС ЖАРЫҚТАРЫ](/userdata/section/section_75/image_306/1690345052_1802674967_b.jpg)
Жарықдиодты күндізгі жүріс жарықтары бас оптикадан бөлек орналасқан. Ол фотоэлектрлі датчик көмегімен қосылады және «Follow me home» функциясы бар.
![АРТҚЫ ШАМДАР](/userdata/section/section_75/image_588/1708271067_2037681895_b.png)
Мұндай фаралар – CHERY брендінің даралығын көрсететін ажырамас бөлігі.
![БӨЛШЕКТЕР](/userdata/section/section_165/image_590/1708271172_978563535_b.png)
Tiggo 2 алдында, бүйірінде және артқы жағында аэродинамиканы жақсартатын бөлшектермен жабдықталған.
![РАДИАТОР ТОРЫ](/userdata/section/section_165/image_613/1708296495_1695995530_b.png)
Tiggo 2 кроссоверінің алдыңғы торы таныс 3D «бриллиант» суреттерін иеленді, ол кроссоверді өз санатындағы автокөліктер арасында айқын ерекшелеп тұрады.
![ИНТЕРЬЕР](/userdata/section/section_76/image_593/1708271374_378442112_b.png)
Cloudrive технологиясы бар 9 дюймдік сенсорлы сыйымды дисплейді құрайтын заманауи мультимедиа жүйесі смартфон контентін басқаруға және ойнатуға мүмкіндік береді: навигация бағдарламалары, суреттер, бейнелер, музыкалық композициялар және т.б.
![МУЛЬТИМЕДИА ЖҮЙЕСІ](/userdata/section/section_76/image_594/1708271377_1066500709_b.png)
9 дюймдік сенсорлы экраны бар заманауи мультимедиа жүйесі интерьерге үйлесімді эстетикамен қатар, практикалық функционалдықты да береді. Смартфондармен синхрондау үшін Apple CarPlay және QDLink протоколдары пайдаланылады.
![ОРЫНДЫҚТАР](/userdata/section/section_76/image_595/1708271378_2021721944_b.png)
Tiggo 2 интерьері ұзақ сапарға шыққанда да максималды жайлылықты қамтамасыз ететін орындықтармен жабдықталған. Одан басқа, олар жүргізуші үшін 6 қалыпта және алдыңғы жолаушы үшін 4 қалыпта реттеледі, сондай-ақ жылытқыштар орнатылған.
![ЖҮКСАЛҒЫШ](/userdata/section/section_166/image_596/1708271674_850838408_b.png)
Жүксалғыштың максималды көлемі 420 литрі құрайды. Сонымен бірге екінші қатардағы орындықтардың арқалықтары 60/40 пропорциясында жиналады.
![ЭЛЕКТРЛІ ӘЙНЕККӨТЕРГІШТЕР](/userdata/section/section_166/image_597/1708271676_933945511_b.png)
Кроссовердің барлық есігінде электрлі әйнеккөтергіштер орнатылған.
![ТЕХНОЛОГИЯЛАР](/userdata/section/section_78/image_607/1708274270_94301185_b.png)
Chery инженерлері автокөліктің қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөлген. Chery Tiggo 2 мынадай жүйелермен жабдықталған: ABS, EBD, ESP, TCS, BOS, сондай-ақ қауіпсіздік жастықтары.
![ШАНАҒЫ BENTELER БОЛАТЫНАН ЖАСАЛҒАН](/userdata/section/section_78/image_612/1708276645_957186224_b.png)
Кроссовердің шанағы Benteler болатын пайдалану және гальвандық әдіспен мырыштаудың арқасында қатаң пайдалану жағдайларына бейімделген.
![TPMS ЖҮЙЕСІ](/userdata/section/section_78/image_614/1708296653_1292204367_b.jpg)
Әр дөңгелектің шиналарында ішкі қысым датчигі орнатылған, ол апаттық жағдайлардың оңтайлы алдын алу үшін аспаптар тақтасына қысым мен температураны шығарып береді.
![ҚАУІПСІЗДІК](/userdata/section/section_168/image_600/1708271993_951767458_b.png)
Артқа жүрген кезде қауіпсіздікті артқа жүру камерасы мен артқы тұраққа қою радарлары қамтамасыз етеді.
![БЕРІЛІС ҚОРАБЫ](/userdata/section/section_168/image_615/1708296872_1673939703_b.png)
Chery Tiggo 2 сатысыз CVT18 вариаторымен жабдықталған.
![ҚОЗҒАЛТҚЫШ](/userdata/section/section_79/image_604/1708272822_1237095867_b.png)
Максималды қуаты 109 а.к. / 80 кВт – 6000 айн/мин, максималды айналдыру моменті 140 Нм / 3000 айн/мин.